"Ордабасы" клубы жанкүйерлері алаңға бөтелке лақтырғаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 4 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

"Ордабасы" клубы жанкүйерлері алаңға бөтелке лақтырғаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейді

Фото: М.Шағырбаев

 Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бас жаттықтырушы  Бахтияр Байсейтов Қазақстан Премьер-лигасының екі ойынынан шеттетілді. Онымен қоса оған 650 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Себебі Б.Байсейтов шәкірттерінің астаналық футболшылармен кездесуі барысында ордабасылықтардың жеңілісін уайымдаған болу керек,  алаңға шығып кеткен еді.

Бұл туралы   Қазақстан Футбол федерациясының ресми сайты ақпарат таратты. Ол аз дегендей, «Ордабасы» клубы өз жанкүйерлерінің матч барысында алаңға пластикалық бөтелкелерді тастағаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, 30 наурызда федерация жанындағы тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында осындай шешім шығарды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter