Шымкенттік тұрғын кафеге емін-еркін тапаншамен кіріп, жұртты шошытқан
Шымкентте қаладағы кафелердің бірінде қару ұстап жүрген азамат құрықталды. Оқиға кеше, 29 наурызды орын алған, деп хабарлық Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Еңбекші Полиция бөліміне күзет агенттігінен қаладағы кафе келушісінің бірінің қолынан қаруға ұқсас затты байқағаны жайында хабар келіп түскен.
Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің қызметкерлері Шымкент қаласының 1980 жылғы азаматын ұстады.
Полицейлердің тінтуі кезінде жас азаматтың белінен «Action-SM» маркалы газды-травматикалық қаруын тәркіледі.
Оқиғаның орын алуын толық жан-жақты тексеру үшін тәртіп сақшылары күдіктіні Шымкент ҚІІБ Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
- шымкент
- ДВД ЮКО
- ОҚО ІІД
- тапанша
- шымкенттік тұрғын
- Корреспондент
- қызық ақпарат