Алматыда 700-ден астам адам өз жобаларын қорғауды бастап кетті
Алматыда «Сколкова» қорының ұйымдастыруымен екінші рет SrartupTour басталды. Жоба Алматы Менеджемент Университетінде өтіп жатыр. Шараға америкалық, ресейлік және отандық кәсіпкерлер қатысуда. Олар бағдарлама бойынша дəріс оқиды. «Технологиядан қалай пайда табуға болады?», «Кəсіпкер қалай əлемді жаулайды?» жəне тағы да басқа тақырыптар қозғалады. 2016 жылғы бизнес бағдарлама негізгі бес бағытта айқындалады. Олар: биологиялық және медициналық бағыттар: биологиялық және медициналық технологиялар, өндірістік технологиялар мен материалдар, энергетика және энерготиімді технологиялар, ақпараттық технологиялар. Былтыр 500-ден аса қатысушы болса, биыл 723 адам тіркеліп, 230 жоба ұсынған. Іріктеуге шағын инновациялық компаниялар, ғылыми ұжымдар, ғалымдар, студенттер, кәсіпкерлер қатысып жатыр. Идеядан дайын өнімге дейінгі кез-келген сатыдағы жобалар қарастырылады.
SrartupTour қатысушыларына өз жобаларының презентациясын сарапшылар алдында және жобаға қызығушылық білдіретін инвесторлар алдында қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, SrartupTour бағдарламасына инновациялық жобаларды жүзеге асыру саласының жетекші мамандарының шеберлік сабақтары, семинарлар мен тренингтер кіреді.
- Алматы
- бизнес тренинг
- стартаптур2016
- Корреспондент