Софи ИНГЛ, Уэльс құрамасының капитаны: "Қазақстан бізге бәсекелес емес, 3:0 етіп жеңеміз"
Ертең, 12 сәуір күні Шымкентте әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионатында іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльс аруларымен ойнайды. Осыған орай біз Уэльс құрамасының капитаны Софи Инглді азды-кем әңгімеге тартып үлгердік. Шағын ғана сұхбат барысында ол уэльстік футболшылар қазақстандықтарды жеңетініне сөзсіз сенімді екенін жасырмады. Сонымен қатар Софи қазақстандық клубтар келісімшартпен өнер көрсетуге шақырса, бас тартпайтынын айтып қалды.
- Софи, өзіңіз Қазақстанда бұрын-соңды болып па едіңіз?
- Жоқ, алғаш рет келуім.
- Бұл ел туралы не айтар едіңіз?
- Ауа райы тым жылы. Бәлкім ол ертеңгі ойын үшін бізге кедергісін келтіретін шығар. Себебі біз салқын ауада матч өткізіп үйреніп қалғанбыз.
- Қарсыластарыңыз туралы не айтасыз?
- Матч өткенге дейін бір апта бойы қазақстандық футболшылардың ойынын видео арқылы әбден бақыладық. Тәжірибе жинадық. Бәлкім олар өз тактикаларын бұл ойында өзертетін де шығар. Бірақ, ертеңгі ойыннан еш қорықпаймыз. Біз 3:0 есебімен елге жеңіспен ораламыз.
- Әйелдер арасындағы футболдан қазақстандық футболшыларды өзіңіз танисыз ба?
- Танымайды екенмін.
- Жалпы Қазақстан туралы не білесіз?
- Шынымды айтсам, әзірге ешнәрсе білмейді екенмін. Тіпті бұл елдің астанасы қай қала екенін де. Бұл жаққа келмес бұрын қарсыластарымыз бен біз мекен ететін қонақүй туралы ақпаратты ғана жинап үлгердім.
- Софи, енді өзіңізге қысқаша тоқтала кетсеңіз...
- Менің жасым 24-те. Соңғы алты жылдан бері Уэльс құрамасында өнер көрсетіп келемін. Негізі спортқа 6 жасымнан келгенмін.
- Соңғы сұрақ, егер Қазақстан сізді осы елде өнер көрсетуге шақырса, келісер ме едіңіз?
- Ұлттық құрама сапында ойнауға шақырса, түбегейлі бас тартамын. Себебі мен өз елімді сүйемін, әрі патриотымын. Егер Қазақстандағы клубтардан ұсыныс түссе, келісуім мүмкін. Әрине, басты талап – ыңғайлылық.
- Әңгеміңізге рахмет.
- Уэльс
- спорт
- Софи Ингл
- Еуропа чемпионоаты
- Корреспондент
- қызық ақпарат