Ресей Қазақстанның жүк көліктері арқылы пайдаға қарық болмақшы
Фото: kaz.caravan.kz
Ресейдің тас жолы Қазақстанның жүк көліктеріне ақылы болмақ. Былтыр қарашада шыққан заң 15 сәуірден бастап жүзеге асырылады. Жүрілген жолдың ақысы шақырымына шамамен 6 теңгені құрайтын болады. Жалпы жыл сайын Қазақстанның 10 мың транзиттік жүк көлігі Ресей арқылы өтіп, қайта қайтады екен. Ресей жерін басып өтетін жүк көліктері шамамен бір бағытта 2500 шақырым жүреді, деп хабарлады Алматы арнасы.
"Біз ешқандай жаңалық ашып отырған жоқпыз. Бұл жүйені еуропалықтар қолданады. Мәселен, тас жолда жүк тасып қаражат табатындар, тас жолға келген шығындарды өтеуі керек. Қазақстанның жүк тасымалдайтын компанияларынан мәселе туындамайды. Олар төленуі тиіс салықтарын, айыппұлдарын уақытылы төлейді",- деді ресейлік компанияның директоры Антон ЗАМКОВ.
Еліміздегі жүк тасымалымен айналысатын компания өкілдері айтылған бағамен келіспей отыр. Айтуларынша, тас жолдың сапасы да мәз емес. Сәйкесінше, Қазақстанның автокөлік тасымалы одағы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне туындаған түйткілге байланысты шағым жазып, мәселені шешіп беруін сұрап отыр.
© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Теги
- Қазақстан
- Ресей
- РФ трасса
- Қазақстан жұк көліктері
- Корреспондент
- қызық ақпарат
Пікір үстеу