Желі қолданушылары оңтүстікқазақстандық 10 жастағы баланың ерлігін мемлекеттік наградаға лайық деп тапты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 14 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Желі қолданушылары оңтүстікқазақстандық 10 жастағы баланың ерлігін мемлекеттік наградаға лайық деп тапты

Фото: kostanaytany.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында суға ағып кеткен 3 жастағы бүлдіршінді мектеп оқушысы  аман алып қалды.

 

Ауданда үш күн бойы толассыз жаңбыр жауған. Жауын тоқтаған соң бір үйдің үш баласы өзен аумағында ойнап жүрген. Сол сәтте 3 жастағы Ақбілекті су алып кеткен. Не істерін білмеген 6-дағы ағасы сол маңда жүрген жасөспірімді көмекке шақырыпты. 10 жастағы мектеп оқушысы еш ойланбастан өзенге тап беріп, бүлдіршінді құтқарып қалды. Содан демсіз қалған бүлдіршінге алғашқы көмек жасаған. Абырой болғанда 3 жастағы ауыл тұрғыны есін жиыпты. Тек лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұтаарын бірге жұтып қойған. Лоқсып, ештегісін сыртқа шығарған оны әкесі ауруханаға жеткізді. Бұл жайт, ел ішінде қызу талқыланып, жұртшылық оқушы баланы батырға теңеді. Әлеуметтік желідегілер он жастағы Мұхамедәлі елдің басты байлығы – адам өмірін аман алып қалғандықтан, оның әрекеті мемлекеттік наградаға лайық деп таныды. Енді бірі осындай батыр ұлды өмірге әкеліп, тәлімді тәрбие берген ата-анасына алғыстарын қарша жаудырды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Аманжан
+3 Аманжан 06.04.2016 13:41
Жарайсың! Нағыз ер азамат екен!!! Болашақтағы біздің мақтанышымыз.
Жауап беру
татьяна
+1 татьяна 06.04.2016 16:20
әбден лайық,айналайын, нағыз батыр болатын азамат екен!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік кәсіпкер әкімдіктегілерге велосипед сатып алып берді

Шымкенттік кәсіпкер әкімдік қызметкерлеріне велосипед сатып алып берді. Нәтижесінде ретсіз сауда орындарымен күресетін мамандар жаяу жүрмейтін болды. Әл-Фараби ауданының қызметкерлеріне жеке кәсіпкер ...

Korrespondent.kz Қоғам

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter