Шымкенттік блогер Дариға Назарбаеваға кеңесшілерін ауыстыру керектігін айтты
Шымкенттік блогер Айгүл Орынбек Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваға айналасындағы кеңесшілерін ауыстырып, оны қарапайым халық арасынан таңдауға кеңес берді. Бұл туралы блогер «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«...Осы сізге оқитын «докладыңызды» кім жазып береді? Бүкіл халықтың алдында позорыңызды шығарып жүр, қуып жіберсеңізші. Кеше атамның жаңалығын контроль жасаймын деп, сізге қол тимеді. Біраз нәрсе айтып-айтып тастапсыз ғой. Балаларды шілдеге дейін оқытып күнге қақтайын деп жатсыз ба? Кім айтты сізге бұндай идеяны? ...Идея керек болса сұрасаңызшы бізден, тегін идея берем ғой. Халық та риза, сіз де риза... Сізге кеңес беретін адамды қарапайым халықтың арасынан алыңыз...» деп жазды А.Орынбек. Бұл жазбаға пікір білдіргендер Елбасы қызының мәлімдемесіне қарсы шықты.
Бірі «Балалар жаздың үш айында балалықтың қызығына бөленгені, миын сергітіп, витамин жинап, денсаулығын нығайтқаны дұрыс қой» деп ойын жеткізсе, екіншісі «Ішегім-ай, күлкіден ішегім қата жаздады-ау. Патшалар ұяттарын сарайында қалдырып кетеді ма осы, әлде олардың да кеңесшісі бар ма?» деп эмоциясын жасыра алмаған. Сонымен қатар желі қолданушылары шілде кезінде Оңтүстік аумақтағы ауа райы тіптен ыси түсетінін, тек Шымкент емес, Маңғыстауда да аптап ыстық болатыныны туралы атап өткен. Айта кетейік, жақында ғана Премьер-министрдің орынбасары Назарбаева елдегі мектептердегі оқыту уақыты 1 маусымға дейін созылатынын айтқан болатын. «Елбасы айтқандай, биылғы жылы 1 сыныпқа баратын оқушылар аптасына бес күн оқитын болады. Бірақ оқу жылы 1 маусымға дейін созылады. Осыған дайын болуы керекпіз», - деді Д.Назарбаева.
- Дариға Назарбаева
- Дарига Назарбаева
- блогер
- Айгүл Орынбек
- президент
- Корреспондент
- қызық ақпарат