Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылатын болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 3 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылатын болды

Фото: gdb.rferl.org

Жүргізушілерден тығылып, таса жерден радармен тұратын айлакер жол полицейлері жұмыстан шығарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Біз о бастан полицейлерге жүргізушілерден тығылмауды бұйырғанбыз. Бұл жерде сөз полицейлердің заңды іс-қимылына қатысты. Ағаштың, дуалдың, бұрыштың артында тығылып, кейін атып шығатын болса, онда біз ондай іс-әрекеттерге жол бермейміз»,- деп атап өтті И.Лепеха ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзі бойынша, осындай әрекеттер үшін бірқатар полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылған. Олардың қатарында командирлер де бар.
«Атап айтқанда, біз Алматы облысында тексеріс жасадық. Нәтижесінде, бірқатар полицей атқарып жатқан қызметінен босатылды, олардың қатарында тіпті батальон командирлері де бар», - деді ол. Онымен қоса елімізде техпаспортты алу немесе алмастыру кезінде көлікті тексерту қажеттілігі күшін жоятын болды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бұл тек техникалық паспортты жоғалту немесе ауыстыру кезінде ғана күшке ие екен. 

«Егер де бұрын жүргізуші көліктің техникалық паспортын жоғалтып алған болса, мамандандырылған ХҚКО-ларға барып, көлігінің нөмірін, құрылғыларының сәйкестігін тексертуі міндетті еді, қазір ол тек бір өтінішпен бір күннің ішінде техникалық паспортты ала алады», - деді Е.Тұрғымбаев.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қазақстанның Грузия еліндегі Елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Ол футболдан Қазақстан құрамасының грузиялықтармен өткен жолдастық кездесуі барысында мемлекет...

Korrespondent.kz Спорт

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

"Ордабасы" клубы жанкүйерлері алаңға бөтелке лақтырғаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейді

 Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бас жаттықтырушы  Бахтияр Байсейтов Қазақстан Премьер-лигасының екі ойынынан шеттетілді. Онымен қоса оған 650 мың теңге көлемінде ай...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter