Шымкенттік жігіт Нью-Йоркте полицей болып істейді әрі танымал боксшы
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік жігіт Нью-Йоркте полицей болып істейді әрі танымал боксшы

Фото: www.diapazon.kz

Бұрынғы қазақстандық Димаш Ниязов бүгінде Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейді. The Wall Street Journal таратқан мәліметте полицей жігіт Шымкенттің тумасы екені жазылған.

 

Шенді қызметкер 13 жасында ата-анасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған. Қазақстанда ол Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігімен жаттыққан.

Күнделікті полицейлік қызметінен соң ол бокспен шұғылданады. Қаншама еңбек, жаттығу залындағы тер төгу текке кетпеген де екен.

2016 жылдың 7 ақпанында 26 жастағы Димаш кәсіпқой шаршы алаңда өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джеймс Лестер болды.

6 раундты жекпе-жек өте тартысты өтті. Барлық раундта Ниязов басымдылығын танытып, төрешілер түгелімен бір ауыздан Димаштың қолдаған.

Қазақстанның тумасы төрт жыл бойы кәсіпқой бокспен айналысып келеді. Бірақ оның жаттығу залына жиі бас сұғуға уақыты бола бермейді. Себебі полицей жігіттің бос уақыты көп емес.

«Жұмыс өте қауіпті» деп әңгімесін бастаған ол полицейлердің өміріне деген қауіп кез келген сәтте болатынын жасырмайды. Айтпақшы, Ниязов қызмет уақытысында тапанша атып көрмепті. «Аллаға шүкір»,-деді ол. Көп кедергілерге бокстағы іс-қимылдарының көмегі тиетін көрінеді.

 Алғашында экс-қазақстандықта Америкадағы өмірі оңайға соқпаған екен. Оның үстіне ол қоныс аударған жылдары Америкада қазақ жастары тіптен болмаған, тек бірнеше орыс ұлтының өкілдері ғана Стэйтен Айленд мектебінде білім алған. Ол үшін ағышын тілін меңгеру аса маңызды болды. Сондықтан да оның анасы ұлын тілді ертерек меңгерсін деген мақсатпен үйінде де ағылшын тілінде сөйлеуін талап еткен. Екі жыл уақыт ішінде Димаш ағылшынша толықтай үйреніп, ел қатарлы оқу жүйесіне көшкен.

Алғашында Ниязов анасы секілді медицина жолын таңдаған. Бірақ Полиция академиясы оны оқуға қабылдауға рұқсат бергенде ол ойланбастан осы салаға келген. Дегенмен спортты тастамауды жөн санапты. Полицей жігіт кәсіпқой бокста алып асуларды бағындырса да, полицейлік қызметсіз өмірін елестете алмайды. Ол үшін өзі өмір сүретін және жұмыс жасайтын қаладағы тәртіпті бақылау бәрінен де маңызды.   

Білетіндердің айтуынша, Димаштың әкесі бокстан жаттықтырушы болып жүріп кейін АҚШ-қа көшкен екен. Осыдан тоғыз жыл бұрын Қытайда өткен оқу-жаттығуға қатысқан Ниязов шымкенттік спортшыларды алғашында жатырқаған екен. "Қытайдағы алғашқы күндері бізді жатырқайтын. Кейін екі аптадан кейін "шымкенсткий" етіп шығардық қой. Қазір көрсе танымайтын шығар" деп еске алды сол кездегі спортшылардың бірі. 

(Материал NUR.KZ порталынан аударылды) 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter