Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды
Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 га аумақты құрап, «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат – отандық өндісті дамыту, импорттың орнын басу болып табылады.
Өнімді өндіру процесі қолғапты компьютерленген техникамен жүзеге асырылады. Цехтағы 159 станок бар. Оның әрқайсысы күніне 280 жұп қолғап өндіруге қауқарлы. Ел аумағында мұндай қуаттылықпен өнім шығаратын қолғап шығаратын кәсіпорын әлі жоқ. Айта кетейік, цех өнімін өндіріс барысында ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыста да пайдалануға болады.
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жобаның жүзеге асуы үшін өз күшін салды. Өткен жылдың күз айында құрал-жабдықтары 4 айдан астам шекарада тұрып қалған инвесторлар палатадан көмек сұрап келген болатын. Палата сарапшылары заңгерлік кеңес бере отырып, инвестордың мүддесін қорғап, сотқа қатысты. Нәтижесінде сот мүлкін тәркілеу туралы шешімді жойды. Қазіргі таңда ОҚО Кәсіпкерлер палатасымен жобаны қолдауға көмек көрсетілуде.
- ОҚО Кәсіпкерлер палатасы
- Палата предпринимателей по ЮКО
- Палата
- Атамеке
- кәсіпкерлік
- инвесторлар
- шымкент
- экономика
- қызық ақпарат