Бала-шағасын далада қалдырған қазақ боксшысы сотта әйелінен жеңіліп қалды
Пекин Олимпиадасының чемпионы атанған боксшы Бақыт Сәрсекбаев тағы бір соттан жеңілді. Әйелімен ажырасып, бала-шағасын далада қалдырған даңқты спортшы енді бұрынғы жарына бір автокөлік беруі тиіс деп жазады caravan.kz-ке сілтеме жасап SKІFNEWS.KZ.
Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Сәрсекбаев өзінің бапкері әрі туысы Кәрім Махмудовпен пәтер үшін соттасқан болатын. Олимпиада алтынын алып келгеннен кейін боксшы өз бапкеріне алғысын айтып, Астанадағы пәтерлерінің бірін сыйлаған. Алайда, қаржыдан қысылғаннан кейін баспананы қайтып беруін талап етіпті. Өзара келісе алмаған нағашы-жиеннің мәселесін кейін сот шешкен еді.
Ал, бұл жолы Сәрсекбаев бұрынғы әйелі Эльвираны алаяқтық жасады деп айыптап, сотқа шағымданды. Боксшының даулап жүргені - көліктің қысқы дөңгелектері ғана. Кейін бұл процестің соңы екеуара дүние бөлісуге ұласып, Астанадағы Алматы аудандық соты Бақыт Сәрсекбаевқа тиесілі Jaguar XJ (2013 жылғы) көлігін Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шығарды.
Сондай-ақ, «Mitsubishi Outlander» автокөлігі де боксшының бұрынғы әйеліне берілмек. Дегенмен, "темір тұлпар" құнының 50 пайызын, яғни 1 949 058 теңгені Эльвира Сәрсекбаева бұрынғы күйеуіне қайтаруы тиіс.
- Бақыт Сәрсекбаев
- боксшы
- Олимпиада чемпионы
- Бакыт Сарсекбаев
- чемпион
- Корреспондент
- қызық ақпарат