ОҚО-да қоқыс алаңында туысын сабап, өлтіріп қойған ер кісі ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өз туысын өлтірді деген күдікпен 55 жастағы азаматты құрықтады, деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 8 наурыз күні Сайрам АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен шығып кеткен жұбайы қайта оралмай, хабарсыз кеткенін мәлімдеген. Арада бір аптаға жуық уақыт өткенде Сайрам АІІБ-нің кезекші бөліміне Ақарас ауылына баратын тас жолдың бойындағы қоқыс тастайтын орынның жанында әйел кісінің мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы жәбірленушінің бір апта алдын хабарсыз кеткен Сайрам ауданының тұрғыны екенін анықтады.
Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде 1971 жылы туылған жәбірленушінің көптеген ауыр дене жарақаттарынан қайтыс болғаны анықталды. Аталған жайт Сайрам АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сайрам АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің туысқаны, яғни, 1961 жылы туылған жергілікті тұрғын құрықталды.
Тергеу барасында анықталғаны қылмыс туысқандар арасындағы жанжалдан туындаған. Сол күні күдікті ағасының баласының әйелімен, яғни жәбірленушімен сөйлесу мақсатында «Опель Вектра» маркалы автокөлігіне отырғызып, Ақарас ауылына барар жолдағы қоқыс тастайтын орынға апарған. Сол жерде жәбірленушіні өлімші етіп сабап, өзі оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-быбымен «Адам өлтіру» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі таңда полицейлер аталған ауыр қылмыстың орын алу барысы мен себептерін анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- ОҚО
- ОҚО полицейлері
- туысын өлтірген
- туысын ұрып өлтірген
- Корреспондент
- қызық ақпарат