ОҚО спортшылары үш айда 600-ден астам медальға ие болды
Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары спорттың 59 түрі бойынша 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медаль жеңіп алды. Олар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысқан, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мұнан бөлек, саңлақтарымыз Азия чемпионаттары мен кубоктарында 2 күміс және 2 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 1 күміс медальге ие болды. Сондай-ақ, өңірде осы уақыт аралығында 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 176 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Айта кету керек, облыс көлемінде 36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес спорт түрлері дамытылуда.
- спорт
- ЮКО
- ОҚО
- Әлібек Нұртаев
- ОҚО спортшылары
- Корресопондент