Малахов алматылық бүлдіршіннің Рымбаевадан асып түсетін жұлдыз болатынына күмән келтірмеді (видео)
Алматылық Әмина есімді кішкентай блогер екі сіңлісімен бірге танымал тележүргізуші Андрей Малахов пен мәскеулік жұртшылықты күлкіге қарық қылды.
Ақпарат құралдарында Малғаждар әулетінің үш кішкентай қызының ғаламторда жұлдызға айналғаны туралы жазылып та, айтылып та жүр. Үш бүлдіршін өзінің актерлік шеберліктерін ғаламтор қолданушыларына әлдеқашан дәлелдеп қойған. Олардың орындауымен түсірілген комедиялық жанрдағы түрлі қысқа видеолар интернетте көп қаралып, ел тани бастады. Жақында алматылықтарды ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов «Пусть говорят» шоуына шақырған болатын. Әмина ата-анасымен бірге сіңлілері Әлия және Аружанмен Мәскеуге барып қайтты. Бағдарлама барысында көрермендер Әминаның бейнесюжетіне көздеріне жас алғанша күліп, ал Андрей Малахов бүлдіршіннің Роза Рымбаевадан асып өтетін танымал болатынына еш күмән келтірмеді. Тележүргізуші Әмина түскен әйелдер жайындағы видеоны 8 наурыз қарсаңында өзінің бүкіл достарына таратқанын да айтып қалды. Одан бөлек «Сіңліңнен планшетті қалай тартып алу керек?» деген тақырыппен түсірілген видеоны 6 миллион адам көріп үлгерген. Айтпақшы, ағайынды қыздар Мәскеудің қызыл алаңында да бірқатар туындылар түсіріп қайтыпты.
Медиа
- Әмина Малғаждар
- Амина Малгаждар
- Аминкавитаминка
- три сестренки из Алматы
- Алматы
- Казақстан
- Андрей Малахов
- Корреспондент
- қызық ақпарат