ОҚО-да суға кеткен бүлдіршінді құтқарған оқушы алғашқы көмек көрсетуді кинодан көрген болып шықты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 15 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да суға кеткен бүлдіршінді құтқарған оқушы алғашқы көмек көрсетуді кинодан көрген болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қосағаш ауылында 3 жасар бүлдіршінді аман алып қалған мектеп оқушысы Мұхамедәлі Құрақ Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан марапатқа ие болды. Сонымен қатар батыр балаға жергілікті билік велосипед сыйға тарту етті.  

 

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың соңғы күндерінің бірінде  толассыз жауған жаңбырдан соң ауылдағы өзен маңында ойнап жүрген 3 жастағы бүлдіршін суға ағып кеткен болатын. Сол сәтте мектеп оқушысы Мұхамедәлі еш ойланбастан суға түсіп, бүлдіршінді жағаға алып шығып қана қоймай, демсіз қалған оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жұрек тұсына массаж жасаған ол мұндай көмек көрсетуді кинодан көрген екен. Қаршадай баланың ерлігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тіпті оның бұл әрекеті мемлекеттік награда лайық деп ұсыныс тастағандары да болды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

АҚШ компаниясы Головкинге табанында Қазақстан ту бейнеленген аяқ киім сыйлады (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF версияларының орташа салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин Jordan Brand атрибутикасын шығарушылармен келісім-шартқа отырды. Бұл ж...

Korrespondent.kz Спорт

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter