Ұлттық гвардия полковнигі граната жарылысынан сарбазды өз денесімен жауып құтқарып қалды
Алдын ала тергеу оқу-жаттығулар кезінде гранатаны лақтыруы тиіс болған № 6505 әскери бөлімінің жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанкұлов РГД-5 гранатасын тым жақын қашықтыққа лақтырғанын анықтады. Жерге құлаған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы жазды.
"Полковник Қайрат Үмбетов өмірін қатерге тіге отырып, бірден сарбазға қарай жүгірген. Ол өз денесімен сарбазды жауып үлгеріп, жігітті аман алып қалған", - дейді Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Қазір полковник пен қатардағы сарбаздың жағдайлары бірқалыпты. Олар айтарлықтай ауыр жарақаттанбаған. Жарқыншақты иық пен аяқ жарақаттарын алған.
Еске салсақ, 7 сәуір күні сағат күндізгі 11-де Қарағанды облысы, Қарабас ауылында полигондағы оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери граната жарылды. Салдарынан екі әскери адам жарақат алды.
- Ұлттық гвардия
- граната
- жарылыс
- төтенше жағдай
- Корреспондент
- қызық ақпарат