Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)
Қазақстанның Грузия еліндегі Елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Ол футболдан Қазақстан құрамасының грузиялықтармен өткен жолдастық кездесуі барысында мемлекеттік әнұран орындалған сәтте оң қолын жүрек тұсына емес, іш аумағына қойған. Елші әнұранды бірге шырқау туралы тіптен ойланбаған да сияқты. Қазақстандық желі қолданушыларының бірі тіпті оны жұмыстан кетіру керек деп пікір қалдырған.
Ал алаңға шыққан қазақстандық барлық футболшы ерекше емеурінмен мемлекеттік әнұранды орындап шыққан. Бір қызығы, спорт журналисті әнұран шырқаған сәтте оны бірге орындамақ түгілі, «екі қойың бір сом» секілді, қолын да жүрек тұсына қоймай, терең ойға батып тұрған. Қайта оның қасындағы кәсіпқой футбол клубының вице-президенті Бағлан Ергешев әнұранды қоса шырқамаса да, мемлекеттік рәмізге құрмет көрсеткен. Мемлекеттік гимн шырқалып жатқан кезде қолындағы смартфонын шұқылап тұрғандар да бар. Бұл көрініс ғаламторға тарап, қызу талқыға түсті.
Медиа
- Ермұханбет Ертісбаев
- Ермуханбет Ертисбаев
- спорт
- футбол
- ҚазақстанГрузия
- матч
- Корреспондент
- қызық ақпарат