Әнші Майғазиев «Ninety One» тобына сырға тағып, шаш бояу жақсылыққа апармайтынын айтты (видео)
Сыртқы болмыстарының ерекшелігімен қоғамның басым көпшілігінің наразылығын туғызған «Ninety One» тобының жігіттері әлі де даудан арыла алмай жүр. Cыртқы келбеттері қазаққа жат деп таныған қоғам белсенділерімен қатар діндарлар жігіттердің «Айыптама» атты әніне түсірілген бейнеклипінде сатанизм мен масондардың белгілері бар екенін айтқан болатын. Алайда топ продюсері бұл сөзбен келіспейтіні туралы мәлімдеме де жасаған. Топ шығармашылығын тоқтатқан жоқ. Елге танымал әнші Сәкен Майғазиев жігіттерге өз кеңесін беріп те үлгерді. Отандық арналардың біріндегі «РЕВЮ» бағдарламасына берген сұхбатында әнші Майғазиев топ мүшелерін трансвистит болу секілді шайтани істерден аулақ болуға шақырғанын жасырмаған.
«Бір жыныстылыққа, Алла сақтасын трансвистит дейді, қыз қызға, еркек еркекке үйленіп жатқан шайтани тірліктерге жақын болмаңдаршы. Жұрттар көзін бояп, сырға тағып, шашын бояғаннан кейін ол жақсылыққа апармайды. Балалар еліктейді. Әсіресе сендерді тыңдайтындар жас жеткіншектер, мектеп оқушылары. Солардың бағытын бұзбаңдар. Әп-әдемі біздің «Ринго», «Орда» топтарына ұқсап әдемі жүруге болады ғой деп айттым»,- деді өнер иесі Сәкен Майғазиев. Онымен қоса Майғазиев өнердегі әріптесі Мейрамбек Беспаевтың осы тақырыпқа қатысты айтқан қалжыңын да еске салды. «Мейрамбек бірде ертең олар үйленген кезде әйеліне «жаным, менің сырғамды көрдің бе?» дейді ме деп қалжыңдап еді» деген Майғазиев күлкісін жасыра алмады.
Медиа
- Ninety one
- 91 тобы
- Ерболат Беделхан
- Сәкен Майғазиев
- МузАРТ
- шоубизнес
- эстрада
- корерспондент
- қызық ақпарат