Шымкенттік оқушылар ойнаймын деп басы дауға қалды
ОҚО полицейлері мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысқандардың кімдер екенін анықтады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын «ютуб» хостингінде Шымкенттегі көшелердің бірінде төбелесіп жатқан жасөспірімдердің видеосы пайда болған еді. Бүгінгі таңда полицейлер олардың кім және қай мектептің оқушылары екенін анықтады. Төбелескен жасөспірімдер Шымкенттегі мектептердің бірінің 6 сынып оқушылары болып шықты. Еңбекші аудандық ІІБ учаскелік полицейлері олармен және ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төбелеске қатысқандар мен олардың ата-аналары бір-біріне шағым түсірмеген. Қатысушылардың сөзіне сенсек, төбелес 6 сәуір күні орын алған және олар ойнап төбелесіп, оны видеоға өздері түсіруді жөн санапты. Дегенмен олардың әрекетіне қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
- шымкент
- шымкенттік оқушылар
- школьники
- драка
- Корреспондент
- қызық ақпарат