Түркістандық қалталылар көшелерге гүлдер отырғызып тастады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 12 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Түркістандық қалталылар көшелерге гүлдер отырғызып тастады

Түркістанда кәсіпкерлер қала көшелерінің абаттандырылып, гүлге орануына атсалысып жүр. Күні бүгінге дейін шаһарда демеушілер есебінен 85 мың түп ағаш  пен 50 мың түп гүл көшеттері отырғызылды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Түркістан қаласында апта сайын тазалық күні өтіп, қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл игі жұмыстарды жасауда шаһар басшылығынан бастап, тұрғындарына дейін белсенділік танытуда. Осылайша ежелгі Түркістанның келбетімен үндескен «Күншығыс қақпасынан» бастап, түрлі-түсті гүлдер отырғызылып, даңғыл жолдардың жиектері шарбақтармен қоршалуда. Бұл шарбақтар қалаға лайықты сән беретініне қуанған түркістандықтар қаланы жасыл желекке айналдыру жағында қолға алған.

Тұрғындардың  қуанышына айналған тындырымды тірліктердің бірі абаттандыру болса, алдағы уақытта туризм және әлеуметтік, өндірістік бағыттағы салаларды жетілдіру үшін жергілікті биліктің негізгі жұмыс жоспарында кешенді жобаларды іске асыру міндеті тұр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

"Хабардың" экс-қызметкері Мемхатшы Әбдіқалықованың жұмысын сынап тастады

«Хабар» телеарнасының бұрынғы қызметкері, бүгінде танымал блогер Дина Елгезектің (Дина Төлек) пікірінше, Қазақстан идеологиясының құлағын ұстап отырған Гүлшара Әбдіқалықова бұл саланы ұзақ уақыт бас...

Korrespondent.kz Саясат

Айсұлтан Назарбаев: "Астана әкіміне Талдыкөл маңынан киіз үйді өзім тігіп беремін"

Елбасы Н.Назарбаевтың жиені, Дариға Нұрсұлтанқызының ұлы Айсұлтан Рахатұлы нағашы атасының тапсырмасын өзі-ақ орындауға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ойын ол «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter