Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Фото: stan.kz

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алды. Бұл әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, «үш-төрт баласы бар әпкемінң төсегіне тиіскені ұят болыпты. Жалпы жаңа түскен қазақтың келіндері төсек жайлы әңгіме айтпау керек қой көпшілік алдында!» деп пікірін қалдырған. Тағы бір қолданушы «Жығылып жатып, сүрінгенге күлетін заман болды ғой. Өзі қанағаттанып жүрсе болды емес пе? Жұртта несі бар?» деген ойымен бөлікен. 

 

Желіде көпшілік қазақстандықтар тележурналистен ондай әрекетті мүлдем күтпегенін жазып, бұл әңгімеге тек әйел азаматтары емес, ерлер де араласып, олардың бірі мұндай сөз «төсекке тоймайтын қатынның әңгімесі» деген пікірін қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Маржан Сұлтанбай қазақтың тым ырымшыл екенін айта келе, көптеген ырым-сенімнің мүлдем ақылға қонымсыз екенін мәлім еткен болатын. Тіпті бұрынғы қазақтарды «надан» деп те айыптаған. Бұл ел ішінде «резонанс» тудырып, жұртшылықты шулата түскен еді. Телевизия саласы маманының бұл пікіріне қарсы шыққандар өте көп болды.  Қазақстандық тағы бір журналист  Маржан Сұлтанбайды «діни радикалистер қолындағы «қолшоқпарға» теңеген соң тележурналист өз жауабын беріп үлгерді. Тіпті өзі туралы пікір айтқан қаламгер жайында мәлімет жинағанын да жасырмаған.

“Анау Жазғышбековна туралы сұрастырсам, өзі əркімге бір қырғидай тиіп-тиісіп, елді түгендеп отыратын адам екен. Психологтардың айтуынша, төсегі – суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болмашыға ашуланғыш, жан-жағын жаман сөзбен жайпағыш боп кетеді. Үйінде береке болмаған соң, әйелдің  жүзі бал-бұл жанып жүрмейді. Ондай бейшараларды аяу керек…”, - деген болатын Маржан Сұлтанбай.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Густаф
-1 Густаф 01.04.2016 14:34
А по моему как свою жизнь устраивать это дело каждого человека
Жауап беру
Алашқызы
0 Алашқызы 06.04.2016 00:59
Маржан,қайдан шыққан,ата-бабамыздың ырымдары туралы пікір айтатын ? Өзі Айнұр Турсынбаева апасы сияқты,қалтасы қалың шал тапқан болар?
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте 21 баланы сатып жібергендердің екеуі бес жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстанда прокурорлар алғаш рет бала сатқан дәрігерлердің ісі туралы айтып берді. Сұмдық жәйтті бір жылдан бері тергеп-тексерген олар нәресте сатумен айналысқан 6 әйелді анықтаған. Қазір ол...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-ның "мерейлі" жанұясы анықталды

Шымкентте «Мерейлі отбасы-2016» байқауының үшінші кезеңі өтті.  Елбасының бастамасымен ұйымдастырылып, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға аудан, қаладан еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter