ОҚО-да жоғалып кеткен 6 жасар бала табылды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 3 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да жоғалып кеткен 6 жасар бала табылды

ОҚО-да 20 ақпанда сабақтан шығып, бейтаныс әйел ертіп кеткен 6 жасар бала табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Today.kz xабарлады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, бүлдіршін облысқа қарасты Арыс қаласынан табылған. Оны 1954 жылғы әйел азаматы алып кеткен. Бала ұрлады деген күдіктінің түр-әлпеті куәгерлердің сөзімен сәйкес келген. Қазіргі таңда басқа мәліметтер анықталуда.

Ақпарат ретінде айта кетейік, өткен сенбіде  сағат 14:30 шамасында Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасына 31 жастағы жергілікті тұрғын баласының жоғалғаны туралы арызданған. Тұрғын өз арызында сол ауылдағы Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 1 сыныбында оқитын, 2009 жылы туылған ұлы  Қамшыбек Мұхаммед Қазыбекұлы сағат 12:30 шамасында сабақтан шығып, үйіне келмегенін көрсеткен. 
© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталы...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтілуде. Айтулы күнге орай Астанада өтіп жатқан мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Ол қазақстандықтарды осынау мейр...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter