Алғыс айту күнінде Созақтың әкімі 5 отбасыны қаржылай көмекпен жарылқады
Алғыс айту күнінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев бес отбасыға қаржылай сыйлық табыс етті. Нақтырақ айтқанда, аудан басшысы тұрмысы төмен отбасылардың әрқайсысына жиырма мың теңгеден үлестіріп берді.
«Көктемнің алғашқы күні елімізде тұңғыш рет аталып отырған бүгінгі Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймын. Ұсынып отырған аз ғана сыйлығымды қабыл алыңыздар. Сіздерге арналған құрметім деп біліңіздер», - деді аудан әкімі. Әрине, күтпеген сыйлыққа ие болған отбасылар жергілікті биліктің бұл әрекетіне дән риза.
Жалпы ауданда Алғыс айту күні кең көлемде тойланды деуге болады. Мерекеге орай жергілікті билік тұрғындарға тегін киім таратып, жұртшылық мерекелік концерттің куәсі болды. Айта кетейік, бүгінде Созақ ауданында 61 мыңға жуық тұрғын бар.
- ОҚО
- ЮКО
- Созак
- Сузак
- Мақсат Исаев
- Максат Исаев
- Корреспондент
- қызық ақпарат