6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйел бұған дейін де мұндай қылмысқа барғанын мойындады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 3 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйел бұған дейін де мұндай қылмысқа барғанын мойындады

Фото: sn.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасар баланы ұрлады деген күдікпен ұсталған әйел бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасағанын мойындады. Бұл жайында бүгін ОҚО ІІД өкілдері өткізген брифингте айтылды, деп жазды sn.kz.

 

"Кеше Арыс қаласы тұрғынан қоңырау келіп түсті, ол әйел мен баланың қайда жасырынып отырғанын хабарлады. Полицейлер сол үйге барып, күдіктіні де, баланы да тапты. Сәби аман-есен. Ал, 1956 жылы туған әйел ұсталды. Қазір адам ұрлығының мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктінің бір ұл, бір қызы бар. Оның не үшін мұндай ауыр қылмысқа барғаны тексерілуде. Біз ақпараттық қолдау көрсеткен барлық журналистерге алғыс айтқымыз келеді. Баланы табуға сол жабыстырылған суреттер көмек берді. Анықталғандай, әйел мен бала алдын бірін-бірі мүлдем танымаған. Тек ұрлағаннан кейін ғана Мұхаммедтің атын сұрап, танысып алыпты" дейді криминалды полиция басқармасының басшысы Кенжебек Оңдасынов. Оның айтуынша, күдікті әйел баланы бірнеше күн ұстап, кейін ата-анасына қайтармақ болған көрінеді.

Естеріңізге салайық, 2013 жылдың 9 қазанында Шымкентте де оқушы қыз ұрланып, кейін аман-есен табылған болатын. Дегенмен, полицейлер ол кезде қылмыскерді ұстай алмаған. Қазір белгілі болғандай, Нұрай Өмірәлінің жоғалып кетуіне де дәл осы әйел тікелей байланысты болуы мүмкін. Ол полицейлерге берген жауабында аталған қылмысты өзі жасағанын мойындапты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың кінәсі сотта дәлелденсе ол 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпан күні жоғалып кеткен болатын. Мектептен шыққан оны белгісіздің әйел өзімен бірге жетектеп әкеткенін куәгерлер көрген. 4 күнге созылған іздеу шараларынан кейін Күдікті мен бала Арыс қаласынан табылды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталы...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтілуде. Айтулы күнге орай Астанада өтіп жатқан мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Ол қазақстандықтарды осынау мейр...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter