ОҚО зейнеткерлері қоғамдық автобуста тегін жүретін болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО зейнеткерлері қоғамдық автобуста тегін жүретін болды

Фото: www.business.ua
Фото: www.business.ua

Оңтүстік Қазақстан облысының зейнеткерлері қоғамдық автобустарда тегін жүру мүмкіндігін алды. Тек бір күн ғана. Яғни, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай осындай қайырымдылық шарасы қолға алынып отыр. Бұл туралы «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов хабарлады. Төрағаның айтуынша, бұл дата - барша қазақстандықтар үшін ортақ мереке.

«Біз Елбасы Жарлығымен қолға алынған мерекеге орай көлік компаниясындағыларға зейнеткерлерді тегін алып жүру туралы ұсыныс айттық. Жігіттер қолдады. Енді 1 наурызда көлік компаниясының қызметкерлері тарапынан зейнеткерлерге деген құрмет еселене түседі. Тіпті олар зейнет жасындағы жолаушыларға тілектер айтып, қызмет көрсететін болады»,-деді Д.Қаюпов. Тек жолаушылар зейнеткерлік туралы куәлігін көрсетуі тиіс.

Айта кетейік, былтыр Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай   1 наурызды Алғыс күні деп атап өту туралы Жарлыққа қол қойған. Биыл бұл мереке елімізде кең көлемде алғаш рет атап өтілгелі отыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бақыт
0 Бақыт 01.03.2016 10:46
Қандай ғажап мереке! Осындай айтулы күні бір-бірімізге жақсылықтар жасайық, достар!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter