ОҚО-да мал ұрлап, күн көріп келгендер ұсталды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 1 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да мал ұрлап, күн көріп келгендер ұсталды

ОҚО-да полицейлер мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
2016 жылдың қаңтар айында Ордабасы АІІБ-нің кезекші бөліміне, 37 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, онда белгісіз тұлға Ордабасы ауданында орналасқан атқорасындағы 18 бас жылқысын ұрлап кеткенін айтқан.


Ордабасы АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел алдын алу іс-шаралары барысында 1989, 1990 және 1993 жылдары дүниеге келген Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының тұрғындарын күдікті ретінде құрықтады. Ұсталған күдіктілердің бірі алдын да осы тектес қылмыспен сотты болған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, барымташылар түнгі уақытта атқораға автокөлікпен барып, үй иесінің ұйықтағанына көз жеткізіп, аттарды жасырын түрде алып шығып, көрші ауылға айдап кеткен. Содан соң ұрланған аттарды сатып, ал түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан.
Қазіргі таңда полицейлер ұсталған күдіктілердің басқа да мал ұрлығы жайттарына қатыстылығын тексеруде. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 3 миллион теңгеге жуық қаржыны құрап отыр. Күдіктілерден айғақ зат ретінде автокөлік тәркіленіп алынды. 
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қазақстандық журналист қазақ тілінің тынысы тарылуына Д.Назарбаеваны кінәлады

Танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қазақ тілінің болашағына алаңдаулы. Журналист бұл туралы пікірін "Твиттер" арқылы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Тіпті қазақ тілінің тынысы т...

Korrespondent.kz Қоғам

Жас отбасыларға - 216 пәтер

Үйсіздің күйі оңушы ма еді, қазіргі таңда елімізде баспана мәселесімен бас қатырып жүрген жастардың мәселесі артқан сайын, оның шешімін табу жолдары да қарастырылуда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарл...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

«Үлгермегенімді келесі әкім орындайды»

Жұртшылық жақында ғана атыраулықтарға өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов әне-міне қызметінен кетіп қалады-ау деген сыбыс таратып жүр. Оған өзіндік себе...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Айтөреев «бессодержаниеге» не үшін шықты?

Ұзынқұлақ жақын арада Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты қос аудан әкімдері қызметімен қоштасады дегенді айтып қалды. Оның бірі – Шардара ауданының әкімі Қ.Айтөреев.

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter