ОҚО-да аудан әкімі әйелдердің алақаны жүрегіне нәзіктік беретінін айтып қалды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да аудан әкімі әйелдердің алақаны жүрегіне нәзіктік беретінін айтып қалды

ОҚО-да аудан әкімі әйелдердің алақаны жүрегіне нәзіктік беретінін айтып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев жергілікті әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтауды бастап жіберді. Осы мақсатпен  аудан басшысы түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген іскер әйелдерді қабылдады.

 

Еркін форматта өткен кездесуде әкім нәзік жандыларға тілегін жаудырып қана қоймай, әдемі әзілдеуді де ұмыт қалдырмады. Соның ішінде Мақсат Исаев еркектерге қарағанда әйелдердің жауапкершілігі жоғары екенін мойындады.

- Сіздердің еңбектеріңізді әрқашан да бағалаймыз. Өздеріңізбен замандас қыз-келіншектерге үлгі ретінде құрметтейміз... Әйел азаматтарға қашанда көмектесуге әзірміз. Сіздердің аялы алақандарыңыз біздің жүрегімізге нәзіктік береді,-деген аудан басшысы қабылдауға келген нәзік жандыларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. Құттықтауға ие болғандардың бірі - Маргарита Жоланова өзі тұратын Тайқоңыр елдімекені тұрғындарының атынан алғыс айтып, тіпті әкімге дәл бүгінгідей қалпында сымбатты болып жүре беру керектігі жөнінде кеңес берді. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бақыт
+1 Бақыт 04.03.2016 15:48
Әйелдер қаумын үнемі бағалап отыру ер кісілердің міндетіне айналуы тиіс. Осындай төл мерекемен барша қыз-келіншектерді құттықтаймын.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter