Бала Мұхаммедті ұрлаған әйел мультфильм көрсетіп, уақытылы тамақтандырған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 27 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Бала Мұхаммедті ұрлаған әйел мультфильм көрсетіп, уақытылы тамақтандырған

Фото: newspile.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кетіп, қайта табылған 6 жасар бала тілшілерге сұхбат берді. Бүлдіршін қорқып қалған болу керек, әңгімесін қысқа ғана қайырды, деп жазды Tengrinews.kz.

 

Баланы ата-анасы  дәрігерге апарды. Бала өзін ұрлаған әйелдің мультфильмдер көрсетіп, уақытында тамақтандырып, тіпті дүкеннен сусын сатып алып бергенін айтқан. Болған жағдайдан шошынып қалған бүлдіршін қысқа ғана сөйледі. Баланың айтуынша, өзін ұрлап кеткен Балжан есімді әйел оны ренжітпеген. Мұхамед өзін ұрлаған әйелдің үйінде тағы бір қыз баланың болғанын жеткізді. Әйел адам баланы дәріханаға барып қайтуға шақырып, үйіне алып кеткен. Ата-анасын іздеген балаға әйел олардың жақын арада келетінін айтып жауап берген. "Мен анам мен әкемді қатты сағындым", - деді Мұхаммед Қамшыбек. Айта кетейік, жоғалып кеткен Мұхаммед 23 ақпанда Арыстан табылды. Оның қасында 59 жастағы әйелдің болғаны анықталды. Оның түр-келбеті фотороботпен сәйкес келеді екен. Облыстық ІІД әйелдің ұсталып, оның үстінен "Адам ұрлау" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

6 жасар Мұхаммедтің табылуына көмектескен азаматша көшеге шыға алмай отыр

Қазақстандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Абай басылымына хабарласып, 20 ақпан күні мектептен шыққан бетте жоғалып кетіп сейсенбі күні табылған  оңтүстікқазақстандық бала туралы жазба ұсынған. Оның...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі жұмыстан кетті

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы болып Қуандық Салыбекұлы Құлажанов тағайындалды.

Korrespondent.kz Саясат

Қазақстандықтар жақсы өмір іздеп о дүниеге аттануда

Ешқандай да таңсық оқыған жоқсыз. Дәл солай. Себебі бізде өз-өзіне қол жұмсау деректері көбейіп кетті. Біреуге ренжісе де, несие алып, төлей алмаса да өз өмірімен қоштасуға дайын тұрады. Енді бірі бұл...

Korrespondent.kz Қоғам

Бала Мұхаммедті ұрлаған әйел мультфильм көрсетіп, уақытылы тамақтандырған

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кетіп, қайта табылған 6 жасар бала тілшілерге сұхбат берді. Бүлдіршін қорқып қалған болу керек, әңгімесін қысқа ғана қайырды, деп жазды Tengrinews.kz. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter