Шымкентте полицейді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өз әріптестерін қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні құрықтады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылыдң 4 ақпаны күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ кезекші бөліміне полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен «Опель-Вектра» маркалы автокөлігінің белгісіз жүргізушісін анықтау бойынша хабар келіп түскен.
Тәртіп сақшылары жедел іс-шара жүргізіп, «Опель-Вектра» маркалы автокөлігінің белгісіз жүргізушісі билік өкілдерінің нұсқауына бағынбай, Бәйдібек АІІБ–нің полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады.
Полицейлердің жедел іздестіру шарасы нәтижесінде 1981 жылы дүниеге келген жергілікті жұмыссыз тұрғын ұсталды. Аталған жайт ҚР ҚК 380-бабы «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
- шымкент
- Полиция
- ДВД
- ЮКО
- ОҚО
- қызық ақпарат