Жаңа жылға 1 ай бұрын дайындалатын билік Наурызға дайындығын әлі бастаған жоқ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Жаңа жылға 1 ай бұрын дайындалатын билік Наурызға дайындығын әлі бастаған жоқ

Фото: Skifnews.kz
Фото: Skifnews.kz

Жаңа жылға дайындықты Президент күнінен, яғни, 1 желтоқсаннан бастайтын ел билігі бүкіл түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесіне дайындалуға әлі кіріскен жоқ. Айтулы мейрамға небәрі 20 күн қалса да Астана көшелерінде мерекелік көңіл-күй былай тұрсын, тіпті Наурыздың бірде-бір нышаны байқалмайды, деп жазады Skifnews.kz.

Айта кету керек, Жаңа жылға дайындықты бастау мәселесі жыл сайын елімізде қызу пікірталасқа түседі. Зиялы қауым мен қоғам белсенділері шырша орнатып, көше безендіруді 16 желтоқсаннан кейін қолға алу керектігін айтса, жергілікті билік өкілдері 1 желтоқсаннан бастап шырша шамын жаға бастайды.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қол жеткізген ғана емес, сондай-ақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының орын алған да күні. Аталған көтерілісте қаншама қазақ жастарының қаны төгілгені белгілі. Сондықтан, мерекеге дайындық осы еске алу күнінен кейін жүргізілсе дейді қоғам белсенділері. Тіпті, былтыр "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың өзі үкімет пен облыс әкімдеріне дәл осындай ұсыныспен шыққан болатын. Алайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент күні қарсаңында Астанадағы шыршаның шамын жағып, Жаңа жылға дайындықты 1 ай бұрын бастап кеткен еді. Елбасы рұқсат бергеннен кейін өзге облыстарда да бұл рәсім жалғасын тапты.

22 наурыз - ежелгі заманнан бері қалыптасқан бүкіл түркі халықтарына ортақ мереке. Бұл - күн мен түннің теңеліп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі. Яғни, жаңа жылдың бастауы. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter