Шымкенттің полицейлері қайырымдылық жасаймын деп сөз естіді
Алғыс айту күніне орай Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдері халыққа қайырымдылық жасамақ болып қан орталығында бас қосты. Мақсат – қан тапшылығын болдырмауға үлес қосу. Осылайша құзырлы мекеменің 140-қа жуық қызметкері бір күнде 60 литр қан тапсырды.
Әрине, құптарлық іс. Алайда бұл игі істен хабардар болған әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі полицейлердің мұнысына қатысты уәж тапты. Тіпті желі қолданушыларының бірі шенді қызметкерлерден қатты көңілі қалған болу керек, «Берген қандарыңды айтқанша, алған параларыңды осылай айтсаңдар ғой» деп пікір жазған. «Ішкен қандарын тапсырған шығар» деп те қалжығандары бар. Ал келесі бірі қалалық жергілікті полиция қызметі басшысын бұл әрекетіне қарап әкімнің соңынан ерген кезекті "ғаламтор жұлдызы" деп пайымдаған.
- МПС Шымкент
- шымкент
- Полиция
- Данияр Мейірхан
- Корреспондент
- қызық ақпарат