Қазақстандық журналист қазақ тілінің тынысы тарылуына Д.Назарбаеваны кінәлады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Қазақстандық журналист қазақ тілінің тынысы тарылуына Д.Назарбаеваны кінәлады

Фото: www.matritca.kz
Фото: www.matritca.kz

Танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қазақ тілінің болашағына алаңдаулы. Журналист бұл туралы пікірін "Твиттер" арқылы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Тіпті қазақ тілінің тынысы тарылып жүр деген ол оның себебін де болжаған.

 

«Ақын Олжас Омарович Сүлейменовтей, публицист Гадильбек Минажевич Шалахметовтей зиялылар аман-сау тұрғанда бізде орыс тілінің мерейі үстем бола береді. Есесіне қазақ тілінің тынысы тарыла береді» деген журналист «Осы ағаларымыз орыс мүддесі үшін аянбай тер төгіп келеді» деп ойын түйіндеген.

Автор жазбасының бұл ойы өзгелердің де пікірімен тұспас-тұс келгендей. Оған «Тау тұлға ағамыз Олжастың  орыс тілінің жоқшысы болып жүргені өкінішті», «Мұндай масқаралықты қай елден көрдіңіздер?!», «Өкіншіке қарай бұл ащы шындық» деп қалдырылған пікірлер дәлел бола алады.

Қазақстандық тағы бір журналист Жарылқап Қалыбайдың ойы бойынша орыс тілінің мерейі үстем болуына тек О.Сүлейменов пен Ғ.Шалахметов кінәлі емес. Себебі ол пост астына «Оған Д.Назарбаева, К.Масимов, Исекешов, Сыртқы істер министрі және т.т. қосыңыз» деп жазған.

Мемлекеттік тілдің ертеңіне қатты алаңдаушылық танытқан тағы бір желі қолданушысы «Қайтсек Ана тіліміздің мәртебесін көтереміз ағалар?» деген пікірмен көпшіліктен кеңес сұраған.

Жазба астына Олжас Сүлейменов пен Ғаділбек Шалахметовті жақтағандар да бар.

 

 

(Фото: Қ.Шамахайұлының "фэйсбуктағы" парақшасынан скриншот алынды)

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Руза
+3 Руза 29.02.2016 10:29
Толығымен келісемін! Ең басты кедергі Назарбаевтың өзі!
Жауап беру
Алжас
0 Алжас 29.02.2016 22:40
Турганкулов,Айымбетов,Г.Касымов,Джаксыбеков,Бердон гаров,Кулибаев,Токаев,Тажин,Мусин.Масимов.т.т.б. 25 жыл аз болды оларга казак тiлiн уйренуге.тагы 25 жыл керек....па? Уят ай.уят..Бiрак олар уят деген создi бiлмейтiн шыгар..
Жауап беру
әзімбай
0 әзімбай 01.03.2016 16:32
Қазақ тіліне қарсы болсам Ресей мені болашақ президент болуыма қолдайды деген есеп бар. Ал қазақтың пікірімен санаспауға болады, қазақ көнбіс халық ештеңе қарсы істей алмайды
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter