Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 23 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр

Фото: www.azattyq.org

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылындағы бала өлімінен кейін марқұмның анасы әлі есін жия алмауда. Төсек тартып жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады. 

 

Даусы дірілдеп, жиі күрсініп пікір білдірген баланың әкесі Сәкеннің айтуынша, «Жұмыстан үйіне келгенде пышақталып өліп жатқан баласын көрген әйелінің ахуалы ауыр. Төсек тартып [үйде] жатыр».

- Сол кезде жұмыста болдым. Ауруханаға шақырды. Барғанда баланы «өліп қалды» деді. Көшеде көлік қағып кетсе, не басқа себеппен қаза болса, түсінер едім. Кіп-кішкентай баланы пышақтау... айуандық қой. Балам ерекше алғыр еді, - дейді екі баласының бірінен айырылған Сәкеннің жанары жасқа толып.

Қара жамылған әкенің сөзінше, күдіктімен 10 жылдан бері көрші болған. Әпкесінің қолында тұратын жетім балаға жанашырлықпен, сеніммен қараған.

- Түскі сағат бірден беске дейін әйелім мен үлкен ұлым мектепте болады. Балам – сабақта, әйелімнің жұмысы сонда. Осы уақытта кенже балам үйде болып, қарауылдайтын еді. Оқиға осы уақытта болған. Баламның өлімін естіген бүкіл халықтың қабырғасы қайысты. Балам ерекше бала болатын. Амал не, халықты осылай шулатып кетті, - дейді Сәкен.

Айта кетейік, ақпанның 15-і күні жас бала пышақтап өлтірілгеннен кейін 16-17-сі күндері көшеге шығып наразылық білдірген Бурыл ауылы тұрғындары 18-і күні жиналмады. Ал ауыл әкімдігі ғимаратында арнайы штаб жұмыс істеп тұр. Ресми органдар бүгінде күдікті ұсталғанын, ал оның отбасы ауылдан көшірілгенін мәлімдеді. 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Еркін Нұржанов екінші әйеліне үйлену туралы ұсынысты телефон арқылы айтқан

Әнші Еркін Нұржанов  "Той жыры" бағдарламасында қазіргі жарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Жұлдыздың айтуынша, ол болашақ жарын   7-8 жылдан бері жақын араласып жүрген ағасының үйінде кездестір...

Korrespondent.kz Мәдениет

Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылындағы бала өлімінен кейін марқұмның анасы әлі есін жия алмауда. Төсек тартып жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады.  ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін  киімі өзгеретін болды

Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік...

Korrespondent.kz Спорт

Шымкентте жылу құбырынан шарананың денесі табылды (видео)

Әлеуметтік желілердің бірінде жан түршігерлік видео пайда болды. Онда тұрғындар (коммуналшылар да болуы мүмкін) жылу құбырларының бірінен шарананың денесін тауып алған.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter