Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Фото: obozrenie.kz
Фото: obozrenie.kz

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды.

Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде жауап беріп, арқадан қағып шығарып салатын мемлекеттік қызметкерлер аз емес екен. Мұны Шымкенттен шығатын "Темірқазық-Ой" газетінің бас редакторы Анаргүл Сүлеева айтып отыр.

 

Журналист алдағы сайлау науқанында бағын сынау үшін, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің қатарына енген. Кеше ол Шымкент қалалық сайлау комиссиясының басшысына өтініш жазып, кепіл жарна ретінде төлеген 114 мың теңгесін кері қайтаруын сұрапты. Алайда, қазақ тілінде жазылған хатқа комиссия төрағасы Марс Елекеев орысша жауап қайтарған. Мұнан кейін ашынған журналист Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтан араша сұрады.

"Бүгін тағы да тіліме деген сорақылықпен бетпе бет кездестім. Мемлекеттік тіл - байлығымыз. Ана тіліміз ана сүтімен келген бойымыздағы құнды дүниеміз деп жатқанмен ана тіліміздің есіктен сығалап, төрге өрмелей алмай жатқанын бәріміз білеміз... Елбасының қазақ тілінде сұратылған мәлімет сол тілде жауап берілсін деген тапсырмасы тағы да тасада қалды. Нұраға, тапсырмаңыз қашанғы тасада қалады? Орындап жатқан билік бар ма? Менің жетім тілім бүгін тағы жетімсіреді... №19 сайлау округінің, Шымкент қалалық сайлау комиссиясының бассыздығы қашан тиылып, қашан жазаланады?.. Аяқтан шалу бір бөлек, мені жолатпаудың амалын жасап, амалдары іске асты да. Бірақ, қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қынжыламын" делінген А.Сүлееваның жазбасында.

Журналист қазақша өтінімге орыс тілінде жауап берген мемқызметкердің үстінен құзырлы органдарға қосымша шағымданатынын да айтып отыр.

Айта кетейік, биыл ақпан айының басында Алматыда өткен жиындардың бірінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы орысша талап-арызға қазақ тілінде жауап берген мемқызметкерлерді жұмыстан қуу керектігін айтқан болатын. Президенттің бұл сөзі артынша әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. 

Мәселенің өршіп кетуінен сақтанса керек, Ақорданың баспасөз хатшысы дереу түсініктеме беріп, Елбасының осынау сөздерін халықтың дұрыс түсінбегенін айтқан еді. Дәурен Абаевтың сөзінше, заң жүзінде талап-арыз қай тілде (қазақ немесе орыс тілдерінде) жазылса, оған жауап та сол тілде берілуі керек. Яғни, тек орысшаға қазақ тілінде жауап бергендер емес, қазақшаға орыс тілінде жауап берген мемқызметкерлер де тиісті жауапкершілікке тартылады деді ол. Алайда осынау заңның жиі бұзылатынын журналистер де, қоғам белсенділері де айтуындай айтып келеді. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бакыт
+5 Бакыт 02.03.2016 15:51
Өте дұрыс жазып отыр жоғарыда, тілімізге деген не деген құрметсіздік? Ойланбастан қызметінен босату керек басқаларға да сабақ болу үшін, бір жағынан өзінің сөзін орындағанын дәлелдейді Президент. Бірақ бұл хат Нұрсұлтан Әбішұлына жететініне қандай кепіл бар? Ол кісі бәрін көрсе екен! Қазағымның тілі бір сатыға болса да көтерілсе екен!
Жауап беру
Гость
+5 Гость 03.03.2016 13:16
Нұрсұлтан Әбішұлыға бұл хат жеткен күнде де, оны дұрыс шешім шығарады деп кім айтты сізге. Оған тілдің тағдыры тіпті қажет емес қой. Соны түсінбейсіз бе?
Жауап беру
мухтардын жанкуйери
+6 мухтардын жанкуйери 02.03.2016 16:05
Елбасының осынау сөздерін халықтың дұрыс түсінбегенін айтқан еді.
Сонда ол кай тилде сойлеген халык тусинбейтиндей
Жауап беру
bolat
+4 bolat 03.03.2016 13:51
Ана тілін қүрметтемеген сатқын болып есептеледі елімізді жерімізді салт дәстүрімізді дінімізді спақтаиық намысты ел болаиық
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter