Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі жұмыстан кетті
Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы болып Қуандық Салыбекұлы Құлажанов тағайындалды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, Қуандық Салыбекұлы 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы математика пәнінің мұғалімі, заңгер.
Еңбек жолын Төлеби ауданы Абай ауылы орта мектебінің қарапайым мұғалімі болып бастаған. Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, тәртіптхатшылығының меңгерушісі болған.
2015 жылғы қазаннан бастап облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келеді.
Ақпарат ретінде айта кетейік, білім басқармасына бұған дейін Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұxтарxан Ділдәбековтің әйелі Альбина Елшиева басшылық еткен. Ол бұл қызметке 2011 жылдың тамызында тағайындалған.
- Альбина Елшиева
- Мұхтархан Ділдәбеков
- Олимпиада
- ОҚО
- қызық ақпарат