ОҚО-да депутаттықтан дәмелілердің ең кәрісі 87 жаста
Сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарының басталғанына көп уақыт бола қоймаса да, Оңтүстік Қазақстан облысында заң бұзушылықтар орын алып үлгерген. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында өткен брифингте мәлім етті.
Күні бүгінге дейін үш заң бұзушылық тіркелген. Бір үміткер мерзімінен бұрын насихаттық жұмысын бастап жіберген. Бұл жағдай қазіргі таңда сайлау комиссиясының қарауында. Ары кетсе бір апта ішінде қаралатын шешім белгілі болады. Ал келесі бір үміткер алдын ала ақсақалдарға шай беріп, батасын алған. Бұл да заңсыз әрекет болып табылады.
Айта кетейік, биыл облыстық, қала және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 1358 тұрғын тіркелген. Оның 216-сы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер. 786 кандидат аудандық, 356 үміткер қалалық мәслихат депутаты атану үшін бақтарын сынауға бел буған.
2,8 млн-нан астам халқы бар аймақта 1 млн 317 мың 225 адам сайлау құқығына ие. Тағы бір атап өтерлігі, биыл өңірде депутат болудан дәмелелірдің ең жасы 20-ға да толмаған. Ең кәрісі - 87 жаста.
- сайлау
- выборы
- ОҚО
- ЮКО
- қызық ақпарат