Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Фото: muslim.kz
Фото: muslim.kz

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бара жатқаны қынжылтып жүргенін жасырмады. Бұл туралы пікірін ол кезекті бір кездесуінде ашып айтып, оларға деген өкпе-назын да  жеткізді.

 

«Айта-айта шаршадым, бірақ әлі айтып жүрмін. Теледидарды бұрап қалсам, жаңағы "Шаншардың" көрінісі болып жатыр. Бір кемпір сөйлеп тұр, оның өзі еркек. Байқайсыздар ма, біздің қазақтың жігіттері қатын болуға әуес болып алды қазір.

Іштерінде бірдеңе түрткілеп тұрады. Солардың бар ғой бір бәлесі бар. Әйтпесе дардай ер азаматтар неменеге сонша әйел болуға тырысады? Басына орамал салып, үстіне көйлек киіп. Ойбай-ау, сонда әйелдің рөлін ойнайтын қыз-келіншектер құрып қалды ма? Толып жатыр. Бірақ та үп-үлкен ер азаматтар әйел болуға құмар болады да тұрады. Ырбыңдайды да тұрады, ырбыңдайды да тұрады. Соны керемет келістіріп те жатқан жоқ» деп ашынды Бауыржан Момышұлының келіні З.Ахметова. Сондай-ақ, қазақ салт-дәстүрлерінің жанашыры әлгі театр көрінісі ашуына тигенін жеткізді. Айтуынша, қойылымда үш келін қайын атасымен бірге сахнаға шапқылап шығып, оның бірі үлкен кісіні мойнына мінгізіп алған. Сөйтсе үш келін қайын аталарының туған күніне сондай тосын сый жасауға бел буғанға ұқсайды.

«Қараңыздаршы, о заманда бұ заман, келіннің мойнына мінген қазақтың шалын көрдіңіздер ме? Тіпті оқымаған сұмырай шалды көрдіңіздер ме? Жоқ, сұмырай шалдың өзі отырмайды өліп кетсе де келіннің мойнына. Қазақтың келіні қайын атаның кебісіне аяқ сұқпаған. Ененің төсегіне отырмаған, үлкеннің алдын кесіп өтпеген.... Соны көрген кішкентай қыздар қалай қабылдайды?» - деді З.Ахметова.

«Дүниенің бәрін білетін Шаншардың директоры Уәлибек соған келгенде неге білмей қалды? Немесе анау Жүсіп. Ата сақалы аузына түскен, немере сүйіп отырған жігіт. Сол айтпай ма? «Е, мынауымыз ұят болады. Мынау біздің салтымызға томпақ нәрсе. Мынау қазаққа қиянат, бұлай болмайды. Басқаша күлдірейік, мейлі ит болып үрейік, шошқа болып қорсылдайық. Бірақ, мынаны істемейік» деп айтуға болады ғой. Намыс жоқ бізде. Намыс болмай бара жатыр бізде» - деп ойын түйіндеді жазушы.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter