Шымкенттік полицейлер қыстық киімдерін шешті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік полицейлер қыстық киімдерін шешті

Шымкенттік полицейлер қыстық киімдерін шешті

Оңтүстік Қазақстан облысының  құқық қорғау қызметкерлері жаздық үлгідегі нысанды киіміне ауысынуы орай Шымкенттегі орталық алаңға жиналды. Осы мақсатпен саптық байқау өткізілді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Шараның басты мақсаты – полиция қызметкерінің сыртқы келбетін қадағалап, керек-жарақпен жабдықталғандығына көз жеткізу, сондай-ақ, жас қызметкерлердің патриоттық сезімін ояту, жауапкершіліктері, тәртібі мен адалдығын тексеру болып табылады.

Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Б.Аблаев қатысқан байқауда ОҚО Жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция қызметкерлері сап құрды. Командирлер қызметкерлердің сыртқы келбетін, нысанды киімін, қызметтік куәліктерінің сәйкестігін, саптық дағдылары мен жалпы бөлімнің реттелгендігін тексерді.

«Полиция қызметкерлері жинақы, ұқыпты және байсалды болулары керек. Халық тәртіп сақшыларының жұмысын ең бірінші сыртқы келбетіне, киіміне қарап бағалайды. Сол себепті таза, тап-тұйнақтай жүрудің маңыздылығы зор екенін естен шығармаған жөн», – деді салтанатты шарада сөз алған ОҚО Жергілікті полиция қызметінің басшысы. Мерекелік шара әскери оркестр үнімен сүймелденген салтанатты маршпен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, саптық байқау жылына екі рет (көктемде жазғы және күзде қысқы киім үлгісіне көшкен кезде) өткізіліп келеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter