Бекболат Тілеухан қытайлық шенеунік Назарбаевтың қолынан қағып жіберген сәтті айтып берді (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 3 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Бекболат Тілеухан қытайлық шенеунік Назарбаевтың қолынан қағып жіберген сәтті айтып берді (видео)

Бекболат Тілеухан қытайлық шенеунік Назарбаевтың қолынан қағып жіберген сәтті айтып берді (видео)

Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Елбасы Н.Назарбаевты қазіргі заманның батыры қатарына қосады. Тіпті ол туралы айтқан видео «youtube» видеохостингінде пайда болды. Оны Д.Қарсақбайұлы деген аккаунтпен тіркелген қолданушы жүктеген.

Видеода байқағанымыздай, Бекболат Тілеухан кезекті бір кездесуінде Н.Назарбаевтың сабырлығына қатысты ерекше тоқталып өткен.

 

«Астана арнасында Әйгерім есімді қарындасым сұхбат алып отырды. Ол кезде еш жерде жұмыста жоқпын. Менен «заманның батыры кім?» деп сұрады. Мен «Назарбаев батыр» деп айттым. Ел жатып келіп «ой, жағымпаз, көрмейсің бе мынаның енді істеп жатқанын? Президентке жағынып жатыр» деген... Бұл менің имандай шын сөзім еді. Неге десеңіздер ғой, батырлық деген қазіргі заманда білекпен өлшенбейді. Батырлық сабырмен өлшенеді, батырлық ақылмен өлшенеді. Мен бір батырлығын айтайын сіздерге...» деп әңгімесін бастаған қоғам қайраткері.

«Баяғыда Қытаймен делимитация болып жатқанда екі ортада шекараны белгілеп жатқан кезде тура жиналысқа кірердің алдында былай өтіп бара жатқан Қытайдың шенеунігі Назарбаевтың қолынан қағып жіберді. Назарбаев білесіңдер, негізі «мужик» жігіт қой. Теміртауда жекпе-жекке шығып, төбелесіп жүрген. Күресіп жүрген. Анау-мынау адамның сөзін басынан асыратын азамат емес. ...Шалқасынан түсіретін-ақ жігіт. Анау тышқандай бар ғой шөп жеп жүрген Қытайды түртіп қалса, өлтіреді. Өзін қағып кеткенде үлкен кісі маңдайы «помидордай» қызарып, ашуланды. Сол екі ортада бәрі өлшенген нәрсе ғой. Саяси технология. Тура сол «моментте» шақырды келіссөзге... Ашумен кірді. Онсыз да білесіздер Қытай ешкімге есесін беретін ел емес. Ішіне кірген  «моментте» Назарбаев түк болмағандай жиып алды. Ана ашудың бәрін жоқ қылып жіберді» деп сөзін жалғастырған Бекболат Тілеухан Елбасының осы бір сабрылығына тәнті болғанын жасырмай. Тіпті егер де Президент қайырылып келіп, есесін қайтарғанда, бүгінгі жағдай басқаша болуы мүмкіндігін де айтып қалды.

«Ол ашуын ұстады. Себебі оның артында алты Алаштың жүгі тұр. Оған жеке бастың эмоциясы бір тиын. Себебі қазақтың тағдыры тұр» деп әңгімесін жалғастырған қоғам қайраткері.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

әзімбай
+1 әзімбай 26.02.2016 19:54
Бекболат өзінің отбасын қамын жақсы ойлайды
Жауап беру
Жанар
+4 Жанар 26.02.2016 20:01
Азимбай, кай отбасын айттын? Хехехе
Жауап беру
Солдатхан Д.
+2 Солдатхан Д. 26.02.2016 20:12
Елбасымыздың ерлігін даналығын айтып отырған Бекболат ағамның жүрегінің тазалығын менің əкем ҚР ның жазушылар одағының мүшесі ақын Солдатхан Орайханұлы "Дарындылар деген өлеңінде жылап тұрып жырлаған
Жауап беру
Қазақ баласы
-7 Қазақ баласы 26.02.2016 23:17
Бекболат аға соңғы кезде пессимист болып кеткенсиз бе? Қай қайдагы Донецк, Луганск, Крым, Қырғыз туралы айта бересіз.
Жауап беру
Мамырбек
-18 Мамырбек 27.02.2016 14:07
Малсың сен Бекболат
Жауап беру
Галым
+11 Галым 27.02.2016 16:01
Малдан естып турмын осы созды сендей
Жауап беру
Қайрат
+5 Қайрат 27.02.2016 18:40
Бекболат ағам олда батыр,Президентіміз ұлы қазақ оны бірі түсінсе бірі түсіне бермейді... ай əттең қазағымда ауыз біршіблік жоққой
Жауап беру
Аманжол
+2 Аманжол 27.02.2016 19:12
Қазір байқап қарасаңыздар елбасын елі түсіне алмай жатр кінəлайт артынан жамандайт сосын халықпен билік арасында қарама қайшылық туындап бөлінбеу ушін елбасының ерліктерін халыққа айтып насихаттап бірлікке шақырып жур Бекболат аға саясаттағы басы істейтін қазаққо аман болсын
Жауап беру
Маке
0 Маке 27.02.2016 21:53
Бекболат ага сизге орысша касып сойлеген жараспайды.
Жауап беру
Аманжол
+8 Аманжол 27.02.2016 19:14
Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді.....
Жауап беру
Ай Шора
+9 Ай Шора 27.02.2016 22:03
Негізі, батырды батыр таниды. Батырды батыр бағалайды. Батырды батыр ғана түсінеді. Назарбаев та Батыр, Бекболат та Батыр! Басқалар айта береді.
Жауап беру
Бақыт
+1 Бақыт 01.03.2016 10:49
Елбасының сабырлығының арқасында осындай бейбіт елде өмір сүрудеміз. Бекболат ағаның сөзінің жаны бар.
Жауап беру
Амантай
+2 Амантай 01.03.2016 17:52
Елбасымыз басында батыр болган 97 ден бастап тубегейли озгерди ол киси!Батыр адам Жанаөзендеги халыкты кырмайды гой! ескисин айтып бул кисилер оздеринин бас пайдасын ойлайды гой!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қазақстанның Грузия еліндегі Елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Ол футболдан Қазақстан құрамасының грузиялықтармен өткен жолдастық кездесуі барысында мемлекет...

Korrespondent.kz Спорт

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

"Ордабасы" клубы жанкүйерлері алаңға бөтелке лақтырғаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейді

 Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бас жаттықтырушы  Бахтияр Байсейтов Қазақстан Премьер-лигасының екі ойынынан шеттетілді. Онымен қоса оған 650 мың теңге көлемінде ай...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter