Қазақстанда 1 млн қария 65 жастан асқан
Қазақстанда жасы 65-тен асқан 1 миллиондай қария бар. Олардың қатары 2050 жылдары екі есе артуы мүмкін. Бұл туралы 31 арнасы хабарлады.
Жасы алпыстан асқанда басы ауырып, балтыры сыздайтындарға медициналық көмектен гөрі әлеуметтік қолдау маңызды екен. Алматының 3000 қариясына зерттеу жүргізген ғылыми орталық мамандары осындай тоқтамға келіпті. 75 жастан асқан тұрғындардың 95 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаж. Жарты ғасыр өмірін медицинаға арнаған білікті маман қариялар ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздеуі тиіс дейді.
80 жылдары Денсаулық сақтау министрі болған профессор Талапқали Ізмұхамедов адам өз-өзін күтсе 120 жас өмір сүреді дейді. Зерттеу жүргізген мамандар тұрғындардың ұзақ жасауы біріншіден, қоғамның дамуы десе, екіншіден бұл үрдістің кері әсері де барын айтады. Оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік қамқорлыққа алу, медициналық көмек көрсету мемлекет үшін үлкен мәселе. Ал қариялардың осындай қиындықтарын толық шеше алмай тұрып, кәрілікпен күресу, ұзақ жасаудың жолын іздеу аса маңызды емес дейді ғалымдар.
- қариялар
- Қазақстан
- Казахстан
- қызық ақпарат