Ақтау әкімдігінде линолеумнан жасалынған жетондар әлі күнге дейін қолданыстан шықпаған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 3 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Ақтау әкімдігінде линолеумнан жасалынған жетондар әлі күнге дейін қолданыстан шықпаған

Фото: lada.kz

Ақтау қалалық әкімдігіндегі гардеробтағы жетондар жергілікті тұрғынның ызасын тудырған. Бұл туралы ол  lada.kz-ке жазды. Ондағы ақпаратта ақтаулық бір тұрғын әкімдікке ісі түсіп барған кезде киімін гардеробқа өткізіп, қолына кәдімгі еденге төселетін линолеумның қиындысынан жасалынған жетонды алып, ашуы келгенін жеткізген. 

 

«Әжептеуір мекемелерде гардеробтағы жетондар металл немесе пластик материалдан жасалынушы еді. Ал бүгін  ресми мекеме болып табылатын Ақтау әкімдік ғимаратына барып, ондағылар белгілерді линолеумнан жасағанын көрдім. Бұл мұндай деңгейдегі мекемеге мүлдем сай емес» деп пікірін білдірген тұрғын. Атап өтерлігі, мемлекеттік мекеме гардеробтарында берілетін жетонның мұндай түрі қазақстандықтар үшін таңсық емес. Бірақ, елдегі бірқатар әкімдіктерде линолеумнан жасалынған киімді өткізіп-қайта алуға берілетін нөмірлер әлдеқайда қолданыстан шыққан.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталы...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтілуде. Айтулы күнге орай Астанада өтіп жатқан мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Ол қазақстандықтарды осынау мейр...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter