Футболшы Алматыдағы дүкеннен 120 мың теңгеге сүйретпе сатып алды

Алматыда белгісіз ер адам дүкендердің бірінен 5 млн теңгеге сауда жасады. Ол сатып алған тауарлардың ішінде 70 мың теңгенің кепкасы мен 120 мың теңгелік үйге киетін аяқ киімдер бар. Редакцияға 5 млн теңгеге сауда жасаған адамның чегі келіп түсті. Фотоны жіберген дереккөздің айтуынша, бұл сауданы әйгілі ресейлік футболшы жасауы мүмкін, деп жазады NUR.KZ порталы.
Дүкеннің саудасын жүргізген белгісіз адам 990 400 теңге тұратын Giorgio Armani күртесін, 980 000 Brioni костюмін сатып алған.
Тіпті, ол 4 жұп шұлықтың өзін 34 800 теңгеге сатып алыпты.
Белгісіз тұтынушы Gucci шығарған сүлгіні 29 600 теңгеге, ал үйге киетін аяқ киімді 120 400 теңгеге алды. Оның сатып алған түрлі брендтік өнімдер арасында ең арзаны 95 800 теңге тұратын жейде, 514 700 теңгеге бағаланған кұрте, 71 300 теңгелік бас киім бар.
Сатып алушы мұның бәрін қолма-қол төлеген.
(Фото: nur.kz)
- футболист
- футболшы
- тапочки
- сүйретпе
- Алматы
- Корреспондент
- қызық ақпарат