Елбасының қазақ тіліне не үшін шүйліккені белгілі болды
Белгілі журналист Марат Тоқашбаев Елбасы Н.Назарбаевтың орыс тілінде сауал жолдаған азаматтарға өзге тілде жауап берген мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан қуылатыны туралы мәлімдемесіне қатысты өз пікірімен бөлісті. Қаламы қарымды журналистің пайымы бойынша, оған орыс тілді қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің Қазақстанның Орыс, казак және славян ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің ІІІ есеп беру-сайлау сьезінде «Орыс тіліне атүсті қарайтындар Қазақстан бірлігіне қарсы жұмыс істейтіндер» деп кесіп айтқаны себеп болыпты. Бұл туралы Марат Тоқашбаев «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. Елбасыдан бірнеше рет Алғыс хат алған журналист желі арқылы жеткізген ойын «АЛЖАС АМАРОВИЧКЕ АЛҒЫС» деген тақырыппен бастаған.
«Универсиадаға дайындық мәселелері жөніндегі Алматыда 16-ақпанда өткен жиын барысында Мемлекет басшысы «Егер азамат орыс тілінде сұраған болса, оған орысша жауап беру керек. Орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмысты қуу керек» дегені бәріміздің есімізде. Осындай мәлімдемеге не себеп болды екен деп біраз жұрт бас қатырған» деп ой бөліскен М. Тоқашбаев. Тіпті өз болжамына белгілі бір басылымдардың бірінен оқыған мақаласын байланыстырыпты.
«Кеше «Казачий курьер» деген газетсымаққа көзім түсіп, қарап отырсам, онда ақпан айының басында өткен Қазақстанның Орыс, казак және славян ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің ІІІ есеп беру-сайлау сьезінде сөз сөйлеген Олжас Омарович Сүлейменов былай депті: «Также я очень внимательно слушал всех вступающих. И многому поразался, потому что многое, что касается отношения между языками, мне было не так хорошо известно. И я согласен с теми кто сказал, что пренебрежительное отношение к русскому языку работает против единения казахстанского народа. Такое отношение нарушает движение к тем самым целям, к которым мы каждый день себя призываем: мир, стабильность, межнациональное согласие. По сути дела, те «мелкие» чиновники, не зависимо от рангов, «мелкие» политики, которые нарушает Закон о языках, выступает против Казахстана, против нашей независимости, против нашего будущего. А это значит, что большая мина заложена под Казахстаном и часы тикают. Это я почуствовал и это не может остановить нас равнодушными.
...Я доведу до Главы государства все вопросы, которые вы справедливо здесь поднимаете». («Казачий курьер», №2 (130) февраль 2016 г, 13-стр)» деген пост авторы. Сөйтіп «Елбасы оны 12-ақпанда қабылдады. 16-ақпанда Елбасы «орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу» туралы тапсырма берді.
Өзінің Ата тілін қорғаған Алжас Амаровичке біз шексіз алғысымызды білдіреміз!» деп өз ойын түйіндеген ол.
Жазба астындағы пікірлерден журналист көзқарасымен көбінің келісетінін байқауға болады. Бірі «Бәсе сондай бір нәрсе түрткі болған. Пәле Алжастан келді деген сәуегей жігіттер де болды. Рас екен.» деп пікір қалдырса, келесі бірі «Алжас Амаровичті орнына қою керек, Ұлттың жауы атағын беру керек!» деп те наразылығын жеткізген. Пікір қалдырушылардың қатарында орыс тілді ақынның алжығанына күмән келтірмегені де бар.
Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпан күні Елбасы Алматыға жасаған сапары барысында кейбір мамандар заңнан озып, ел тұрғындарының бәрін қазақша сөйлеткісі келетінін айтып, ашуланған еді. «Менің байқағаным, біреу орысша сұраса, біздің мамандар оған қазақша жауап беріп жатады. Сонда прокуратура қайда қарап отыр? Егер азамат орыс тілінде өтінім берсе, оған орысша жауап беру керек. Егер орыс тілінде сұраған азаматқа қазақша жауап берсе, ондай қызметкерді жұмыстан қуу керек!» - деп атап өткен болатын Н.Назарбаев.
(Скриншот М.Тоқашбаевтың "фэйсбуктағы" парақшасынан алынды)
- Нурсултан Назарбаев
- Президент РК
- Олжас Сулейменов
- Марат Токашбаев
- қызық ақпарат
котеретиндейказакка не истеди?