Шымкенттің полицейлері "белсебедке" отырды
"Белсебед" дегеніміз - кәдімгі екі дөңгелекті велосипед қой...
Шымкенттің полицейлері қоғамның тыныштығын сақтау мақсатында қаланы енді велосипедпен бақылауға кірісті. Осы мақсатпен он полиция қызметкеріне велосипед табысталды. Әзірге бес бригада (әрқайсысында екі полицейден) Орталық саябақ аумағын бақылауға алды. Олар бастарына фуражка емес, кәдімгі кепи киіп жүр.
Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, бұл жүйе қалада пилоттық жоба ретінде қолданысқа еніп отыр Алдағы уақытта велосипед мінген тәртіп сақшыларының қатары артпақ. Құрылғыны сатып алу үшін қазынадан бір тиын да бөлінбеген. Барлығы демеушілер есебінен алыныпты. Біреуінің құны шамамен 100 мың теңге шамасында. Алдағы уақытта мұндай тәртіпті қамтамасыз етудің әдісі қаланың өзге де демалыс аймақтарында қолданысқа енеді. Қысқасы, жаз айыларына дейін велоиспед мінген полицейлер қатары тағы да артпақ.
- шымкент
- МПС Шымкнт
- Шымкент жергілікті полиция қызметі
- ЮКО
- ОҚО
- Корреспондент
- қызық ақпарат