ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталықтарының өкілдері бас қосып, баршаға алғыс айту мақсатында дастархан жайып, ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырды. Оған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысты. Көрмені аралап көрген аймақ басшысы жайылған дастарханнан дәм татып, жұртшылықпен бірге би биледі.

 

 

Түркістан салтанат сарайында жалғасқан мерекелік шарада Бейбіт Атамқұлов Алғыс айту күнінің шығу тарихына қысқаша тоқталып өтті.

«1 наурыз күнінің таңдалып  алынуы жайдан жай емес. Бұдан 21 жыл бұрын осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде көпұлтты ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышмыз деген болатын. Өздеріңізге белгілі Сталиндік қуған-сүргін кезінде көптеген этностардың  өкілдері Қазақстанға күштеп көшірілді. Тұтастай алғанда ХХ ғасырдың басынан бастап 6 млн-ға жуық адамның елімізге қоныс аударғаны тарихымыздан мәлім. Осы жылдарда күштеп көшірілген этностар үшін Қазақстан екінші Отанына айналды»,-деді аймақ басшысы. Сонымен қатар облыс әкімі Алғыс айту күнінің мән-мағынасына тоқталды.

«Алғыс айту күні - бұл ең алдымен Елбасынның бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Алғыс ату - бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің Қазақстанға терең тағзым белгісі. Алғыс айту күні – бұл Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Алғыс айту - күні бұл тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этнос халқының ортақ тарихи құрметтеу күні... Осы сәтті пайдалана отырып кезінде еліміздің Тәуелсіздік алуына, жас  мемлекетіміздің өркендеуіне ерекше  үлес қосқан барлық бауырларымызға үлкен алғыс айтқым келеді»,-деп сөзін қорытындылады Б.Атамқұлов.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға жалғасты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды республика көлемінде Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл дата биыл алғаш рет тойлануда.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter