«Үлгермегенімді келесі әкім орындайды»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 3 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

«Үлгермегенімді келесі әкім орындайды»

Жұртшылық жақында ғана атыраулықтарға өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов әне-міне қызметінен кетіп қалады-ау деген сыбыс таратып жүр. Оған өзіндік себеп те жоқ емес. Есеп берген облыс басшысы өз баяндамасында тек бір жылмен шектелмепті.

Өзі қызметке келген жылдар ішінде атқарған жұмыстарын тізбектей шыққан. Онымен қоймай халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берерде де көпшілікті таң қалдырыпты. «Барлық мәселелеріңізді екі-үш күнде шешемін деп сөз бермеймін. Үлгергенше жасаймын, үлгермегенімді келесі әкім орындайды» деп, халықпен жылы қоштасқан көрінеді. Соған қарағанда Ізмұхамбетов мырза өте жуық арада әкімдік «креслоны» босатпақ ниетте секілді.

Атырау облысының әкімі 20 наурызда өтетін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер екенін ескерсек, аймақтың бірінші басшысы саяси науқан сынынан сүрінбей өтетініне бек сенімді-ау. Әйтпесе, халқымен бұлай жылы қоштаспас еді ғой...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталы...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтілуде. Айтулы күнге орай Астанада өтіп жатқан мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Ол қазақстандықтарды осынау мейр...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter