«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 15 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Фото: tilshi.kz

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән туралы әңгіме тарағаны сол еді, әлеуметтік желі қолданушылары  «Назарбаевтанудың» орнына «Мәсімовтану» пәнін енгізу керектігін айтып, қисынсыз қалжыңдады. Солардың бірі шымкенттік тұрғын – Ержан Тәліп. Ол өз сөзінде Елбасыны барлығы танитынын, сол себептен Мәсімов туралы ақпараттың аз екенін алға тартқан.

 

«Назарбаевты бәріміз жақсы танимыз. Балалық шағын да, еңбек жолын да, жастық шағын да, кемелденген сәтін де бәрін білеміз. Одан да Мәсіміптану сабағы енгізілсін. Кім ол? Қайдан келді? Қандай еңбегі үшін мәңгілік премьер атанды? Ұлты кім? Қазақ болса, руы кім? Нағашылары кімдер? Әйелі кім? Бала-шағасы кім? Аға-інілері, қарындастары кімдер? Жиендері кімдер? Міне, осы сұрақтарға жауап берілсе 11 жыл бойына оқытатын пәнге азық боларлық материалдар жеткілікті болар еді» деп жазған. Бұл ұсынысты желі қолданушыларының дені күлкіге айналдырды. Ал кейбірі бұл жазбаның мәні тереңде жатқанын жасырмаған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

АҚШ компаниясы Головкинге табанында Қазақстан ту бейнеленген аяқ киім сыйлады (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF версияларының орташа салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин Jordan Brand атрибутикасын шығарушылармен келісім-шартқа отырды. Бұл ж...

Korrespondent.kz Спорт

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter