Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды
22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 сәуір күні сағат 19:15-тер шамасында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби АІІБ «102» телефонына Ташенова көшесіндегі автобус аялдамасында әмиянын ұрлағаны туралы хабар келіп түседі.
Оқиға орнына жеткен полицейлердің анықтағаны жәбірленушінің сөзі бойынша автобусқа отыратын тұста оның сөмкесінен белгісіз тұлға жасырын түрде ақшасымен бірге әмиянын ұрлаған.
ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің жүргізген жедел іс-шара негізінде Жедел жоспарлау басқармасының бейнебақылау камерасы көмегімен ізін суытпай облыс орталығының 1994 жылғы күдіктіні ұстады. Полицейлер айғақты зат ретінде ұрланған әмиянды тәркіледі.
Оқиғаның орын алу барысын анықтау үшін күдікті Әл-Фараби ПБ-не жеткізілді. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда аталған күдіктінің өзге де қылмыс жайттарына қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- шымкент
- Полиция
- шымкенттік полицей
- шымкенттік бойжеткен
- ұрлық
- Корреспондент
- қызық ақпарат