Шымкенттік кәсіпкер әкімдіктегілерге велосипед сатып алып берді
Шымкенттік кәсіпкер әкімдік қызметкерлеріне велосипед сатып алып берді. Нәтижесінде ретсіз сауда орындарымен күресетін мамандар жаяу жүрмейтін болды. Әл-Фараби ауданының қызметкерлеріне жеке кәсіпкер бағасы 38 мың теңге тұратын су жаңа 4 велосипед сыйлады, деп хабарлады Отырар арнасы.
Екі дөңгелекті көлікке ие болған мамандар енді жабайы сауда нүктелерін ауыздықтау оңай болады дейді. Өйткені соңғы кезде қаламызда ретсіз сауда жасайтындардың қатары қалыңдаған және олармен күресу қиынға соғып отырғанын да жасырмайды. Сондықтан, атқарылатын жұмыс тез әрі нәтижелі болар деген үміт басым.
- шымкент
- велосипед
- кәсіпкер
- ретсіз сауда