Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады
Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды.
Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде жауап беріп, арқадан қағып шығарып салатын мемлекеттік қызметкерлер аз емес екен. Мұны Шымкенттен шығатын "Темірқазық-Ой" газетінің бас редакторы Анаргүл Сүлеева айтып отыр.